Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елді таңдап қойдық": Ерке Есмахан шетелден үй алатынын айтты

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Ерке Есмахан күйеуінің биыл жазда Алматыдан жер үй алғысы келгенін баяндап берді. Алайда жұлдызды жұп ойланып, үйді шетелден алуға шешім қабылдаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Күйеуім жазда Алматыдан жер үй аламын деді. Бірақ ол ойдан айныдық. Ақылдаса келе "Қазақстанда бір үй бар. Екінші үйді шетелден алайық" деп шештік. Елді таңдап қойдық. Түбегейлі көшіп кетпесек те, барып айлап тұратын боламыз. Алла бұйыртса, ол күн де алыс емес.

Әзірге бар ойымыз кішкентайдың қамы. Аман-есен босанып алайын", - деп жазды Ерке Есмахан Instagram парақшасында.

Айта кетейік, биыл қаңтар айында жұлдызды жұптың мешітте некесін қидырғаны белгілі болды. Ерке Есмахан мәһрге не сұрағанын айтты.

Ал әнші Раим өнерден айырылса да, махаббаттан айырыла алмайтынын айтып, көпшіліктен өздерін сынамауды сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2040471-eldi-tandap-qoidyq-erke-esmaxan-setelden-ui-alatynyn-aitty/

pixel