Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өткенге өкініш жоқ": Балжан Бидаш ажырасуы жайлы ашып айтты

Опубликовано:

Балжан Бидаш пен Жаһан Отарғалиев
Балжан Бидаш пен Жаһан Отарғалиев. Фото: instagram/bidash_official

Әнші Балжан Бидаш ажырасқаннан кейін алғаш рет сұхбат берді. Өнер иесі RevueNews бағдарламасында басынан өткен оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама мәліметінше, жұлдызды жұптың ажырасқанына төрт айға жуық уақыт өткен.

"Адам адамға өмір сүруді үйретпеу керек. Ең бастысы, жақсы бағыт беруі керек. Мен болашақта балаларыма шектеу қоймайтын ана болуға тырысамын. Есейдік, өмір көрдік. Әр жас қосқан сайын есейгенімді сезінемін. Қазір әндер жазу керек. Менің де арманым, трендтегі әншінің бірі болу.

Өткенге өкініш жоқ. Өміріме, тағдырыма ризамын. Барлығы жақсы", - деді Балжан Бидаш.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен ажырасқанын ресми түрде растады.

"Сіздер шындықты білуге лайықтысыздар. Осы уақытқа дейін біз үшін алдаңдап жатқандарыңызға рахмет. Сондықтан "рас па, өтірік па" деген ақпаратты "Біз екі жаққа кеттік" деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін", - деп жазған болатын Балжан Бидаш.

Кейінірек Жахан Отарғалиев Балжан Бидашпен не үшін ажырасқанын ашып айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2040474-otkenge-okinis-zoq-balzan-bidas-azyrasuy-zaily-asyp-aitty/

pixel