Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Димашты және бірқатар әртісті наградамен марапаттады

Опубликовано:

Димаш Кудайберген
Димаш Кудайберген. Фото: dimashnews.com

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Республика күні қарсаңында бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Награда алғандар қатарында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген және бір топ әртіс бар, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысының жарлығымен, "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағын Димаш Құдайбергеннен бөлек еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері, театр және кино актерлері Дінмұхаммед.Ахимовқа, Михаил Токарев пен Дулыға Ақмолдаға, опера әншілері Шахмардан Әбілов пен Талғат Күзенбаевқа, атақты әншілер Рамазан Стамғазиевке және күйші Айгүл Үлкенбаева алған.

Сонымен қатар Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық қазақ театрының актері Ұлан Нүсіпәліге "Парасат" ордені берілді.

Айта кетейік, бүгін президент бір топ азаматтарды мемлекеттік наградамен марапаттады.

Марапатталған азаматтар арасында танымал айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман да бар. Ақын "Отан" орденімен марапатталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2042275-dimas-qudaibergen-qazaqstannyn-xalyq-artisi-atagymen-marapattaldy/

pixel