Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"20 немере, 3 шөбере": әнші Райым Уайыс көпшілікке анасын көрсетті

Опубликовано:

Райым Уайыс
Райым Уайыс. Видеодан кадр: "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасы

Әнші Райым Уайыс көпшілікке анасын таныстырды. Өнер иесінің анасы "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында 20 немере, 3 шөбересі барын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Көзімнің нұры. Біздің әулеттің генералы. Анам, есімі - Заруха", - деді әнші бағдарламада.

Райым Уайыстың анасының айтуынша, әнші оның кенже баласы.

"Қызылорда облысы, Қазалы ауданынанмын. Бірақ өзіміз Қызылордада тұрдық. Бес ұл, бір қызым бар. Аллаға шүкір, бес келін, бір күйеу балам бар. 20 немере, 3 шөберем бар. Аллаға шүкір! Өніп, өскен жанбыз. Төрт балам осы жерде, бір балам - Таразда, қызым - Қордайда тұрады.

Қызылордада өсіп-өндік. Сол жақта жұмыс істедім. Алматының ауа райы ұнады. Осы балам үйленгеннен бері кіші келіннің қолындамын. Әкесінен 39 жаста қалдым. Ол жол апатынан қаза тапты. Балаларымды өзім жеткіздім. Қиналған кезім де болды. Көрсетпей жылап алған кезім де болды", - деді әншінің анасы.

Айта кетейік, осыған дейін Райым Уайыс келіншегін көпшілікке көрсеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2043388-20-nemere-3-sobere-ansi-raiym-uaiys-kopsilikke-anasyn-korsetti/

pixel