Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Ayree белгісіз азаматпен көзге түсті (фото)

Опубликовано:

AYREE
AYREE. Фото: instagram.com/ayreeofficial

Отандық әнші Ayree осыған дейінгі сұхбатында басы бос екенін айтқан болатын. Өнер иесі Instagram парақшасында белгісіз азаматпен сурет жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Суретте әнші белгісіз жігітпен суретіне "day x", - деп жазып қойды.

Сондай-ақ әнші екеуінің суретінің жанына жүрек белгісін де қойған.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ayree болашақ сүйіктісіне қоятын талабын мәлім етті.

"Бастысы жақсы адам болса болды деп айта алмаймын. Мен өзім 24/7 жұмыс істейтін адаммын. Сол себепті ғашығыммен ортақ әңгімеміз, ортақ қызығушылығымыз болғанын қалаймын. Маған да, үкіметке де, халыққа да пайдалы адам болса деймін. Мемлекетке қызмет еткенін қалаймын", - деген болатын Ayree.

Айта кетейік, осыған дейін Әйгерім Рақышева 18 жасында тұрмысқа шыққанын мәлім етті.

Сонымен қатар өнер иесі ерекше ұлы бар екенін және оның 12 жаста екенін де ашып айтты.

Ayree
Ayree. Скриншот: instagram.com/ayreeofficial

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2043918-ansi-ayree-belgisiz-azamatpen-kozge-tusti-foto/

pixel