jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Димаш Құдайберген УЕФА штаб-пәтеріне барды

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: dimashnews.com

    Танымал әнші Димаш Құдайберген жұмыс сапарымен Швейцарияға барды. Өнер иесі іссапары кезінде Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының штаб-пәтерінде болды, деп хабарлайды dimashnews.com сайты.

    Еуропа мен Азияның кейбір батыс аймақтарындағы футболды басқаратын осы спорттық ұйымның негізгі орталығы Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан.

    Димаш Құдайберген бала күнінен футболды жақсы көретінін және жанкүйер екенін атап өтті.

    "Менің ойымша, футбол - музыка сияқты бүкіл әлемдегі адамдарды біріктіре алатын өнер. УЕФА Чемпиондар Лигасының әлемге әйгілі Әнұранының үйінде болу үлкен мәртебе болды. Оны осы спорттың барлық әуесқойы біледі", - деді Димаш Құдайберген.

    Айта кетейік, Қазақстан Республикасы осы халықаралық ұйымның мүшесі болғанына 20 жыл болды.

    Димаш Құдайберген УЕФА штаб-пәтеріне барды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.