Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзіме қатты ұнайды": Роза Рымбаева қазіргі өмірі жайлы айтты

Жарияланған күні:

Роза Рымбаева
Роза Рымбаева. Видеодан кадр: "Алғашқы" бағдарламасы

Танымал қазақстандық әнші, Халық әртісі Роза Рымбаева қазіргі өмірі жайлы сыр шертті. Өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында әнші Роза мен әйел Розаның айырмашылығын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі Аман Тасыған әншіден "Әнші Роза мен әйел Розаның үш айырмашылығы қандай?", - деп сұрады.

"Шынымды айтсам, қазіргі өмірім өзіме қатты ұнайды. Мен - анамын. Мен - Қазақстанға белгілі әртіспін. Өнерде жүргеніме жарты ғасырдай уақыт болды. Уақыттың қалай зымырап өткенін өзім де байқамай қалдым.

Сонымен қатар мен - әжемін. Немерем қазір сегіз айлық болып қалды. Екі тісі бар. Күнделікті қылығына, жаңалығына барлығымыз таңғалып, соның айналасында жүрміз. Қалған дүниенің бәрі кейінге қалды. Немере дүниеге келген кезде алғашқы аналық сезімің, нәрестеге деген махаббатың екі есе өсіп, жүрегің елжіреп түреді. Ең бірінші, немеремді жақсы тәрбиелеп, білім алғызып, соның бәрін көрсем деп армандаймын", - деді Роза Рымбаева.

Айта кетейік, осыған дейін Роза Рымбаева ұлының орден алуына қатысты дау туралы алғаш рет пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044906-ozime-qatty-unaidy-roza-rymbaeva-qazirgi-omiri-zaily-aitty/