Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"500 мың теңгеден басталады": Қайрат Әділгерей гонорары қанша екенін айтты

Опубликовано:

Қайрат Әділгерей
Қайрат Әділгерей. Фото: Instagram/kairat_adilgerey

Әзілкеш Қайрат Әділгерей той жүргізгені үшін қанша қаражат алатынын айтты. Өнер иесі "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында желіге танымал жұптың тойын қалай тегін жүргізіп бергенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен ол жұпты білмейді екенмін. Бірақ әлеуметтік желіде танымал екен. Менің көмекшім бар. Сол кісі тойды алғанда олардың тойы екенін білмеген. Біз ақшаға келіскенбіз. Көмекшім алдын ала 50 мың теңге алған. Осындай адамға өмірін арнап жатқан қызға біз 4-5 сағат қызметімізді арнай алмаймыз ба? Біз тегін қызмет атқарып бердік. Тойда жүрген оператор, биші, әншілер тегін қызмет атқарып кетті. Мен ақша сұрағаным болмас, Құдай жеткерер деп біз командамен шешім қабылдадық.

Гонорарымды айта аламын. Менде әртүрлі, келіскенге байланысты. Біреудің көңіліне, біреудің ниетіне қараймын. Қатып қалған баға жоқ. 500 мың теңгеден 2 млн теңгеге дейін. Жанымда музыкантым бар. Жолымыз, ұшағымыз, қонақ үй бәрі соның ішінде. Келіскенге байланысты ғой", - деді Қайрат Әділгерей.

Айта кетейік, осыған дейін Қайрат Әділгерей 150 млн теңгеге алған төрт бөлмелі үйін көпшілікке көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045425-500-myn-tengeden-bastalady-qairat-adilgerei-gonorarynyn-qansa-ekenin-aitty/

pixel