Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роза Әлқожа үлкен ұлын үйлендіріп, дүркіретіп той жасады (видео)

Опубликовано:

Бейбарыс Қаба әйелімен
Бейбарыс Қаба әйелімен. Фото: Instagram/miraakhmetova

Қазақстандық танымал әнші Роза Әлқожаның отбасында қуанышты жағдай. Өнер иесінің үлкен ұлы Бейбарыс Қаба шаңырақ көтерді. Жұлдызды әулет кеше дүркіретіп той жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Үйлену той Алматы қаласындағы қымбат мейрамханаларының бірінде өткен. Роза Әлқожаның қуанышына барша жақын туған-туыстары мен бірқатар шоу-бизнес өкілі келіп ортақтасты. Олардың арасында Гүлзира Айдарбекова, Сәкен Майғазиев, Мирас пен Құралай, Нұрболат Әбдуллин, Төреғали Төреәлі, Әділет Жауғашар және тағы да басқалар болды.

Өнер иелері дүбірлі тойда қонақ қана болып қоймай, жиналған көпшілікке өнерін де паш етті.

Айта кетерлігі, Роза Әлқожа келінін көпшілік алдына өзі әндетіп алып шықты. Ерекше отбасылық сәттің видеосы бірден желіде тарап кетті.

Бұған дейін Роза Әлқожаның келін түсіріп, ене атанғанын жазған болатынбыз. Әнші келінінің ұзату тойы қалай өткенін өзі көрсеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045995-roza-alqoza-ulken-ulyn-uilendirip-durkiretip-toi-zasady-video/

pixel