Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Ерік Хамидуллаев әйелі мен қызын перзентханадан шығарып алды (фото, видео)

Опубликовано:

Ерік Хамидуллаев
Ерік Хамидуллаев. Фото: instagram.com/khami93

Осыдан бірнеше күн бұрын актер Ерік Хамидуллаевтың тұңғышы дүниеге келді. Өнер иесі жұбайы мен қызын перзентханадан шығарып алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышы Хамидуллаев Instagram парақшасында бөлісті.

"Аллаға шүкір! Құттықтауларыңызға рахмет", - деп жазды актер.

Айта кетейік, Ерік Хамидуллаев 2022 жылдың желтоқсанында сүйіктісі актриса Ақниет Беласароваға үйленуге ұсыныс жасаған болатын. Ал наурыз айында жұлдызды жұп үйленді.

Желі қолданушылары жұлдызды жұптың отбасына ақ тілегін жаудырды.

"Бауы берік болсын", "Бақытты болыңыздар", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046439-akter-erik-xamidullaev-aieli-men-qyzyn-perzentxanadan-sygaryp-aldy-foto-video/

pixel