Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зауыттары бар": Алтынай Жорабаеваның інісі қазіргі жездесі жайлы айтты

Опубликовано:

Алтынай Жорабаева күйеуі Әлішермен
Алтынай Жорабаева күйеуі Әлішермен. Фото: instagram/altynaizhorabayeva

Әнші Алтынай Жорабаева 2020 жылы екінші рет тұрмысқа шықты. Өнер иесінің інісі Талғат Жорабаев "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында қазіргі жездесі жайлы айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өткенде Алтынай бір құпиясын ашты ғой. "Негізі көлікті әперген - Әлішер" деді ғой. Әлішер алғашында "Көлік әперемін" дегенде, мен келіспегенмін. "Жоқ, аласың" деді. Әлішер жездеммен жақсы тіл табыстық. Алтынай әпкеммен отбасы құрды. Үлгілі отбасының бірі деп есептеймін.

"Мен ер адам бола тұра, төрт баласы бар әйелді ала алмас едім" деймін. Қанша жерден мықтымын деп кеудемді ұрсам да, олай жасай алмайтын едім. Әлішер ер адамдар істей алмайтын нәрсені жасады. "Еркек" деймін. Сол үшін ризамын, құрметтеймін, сыйлаймын", - деді Талғат Жорабаев.

"Ол бұрын үйленбеген. Бизнес жасап, інілерін бағып-қағып жүргенде уақыт өтіп кеткенін білмей қалған. "Үйленем ғой" деп жүргенде Алтынайды кездестіріп қалады. Әке-шешеміздің, ол кісінің ата-анасының алдынан өтті. Ол кісілер батасын беріп, екеуі шаңырақ көтерді.

Әркім әртүрлі айтады. "Алтынайдың ақшасы болғасын үйленді" дейді. Жоқ, Әлішер жағдайын жасап қойған жігіт. Бизнесі, зауыттары, жиһаз салондары бар. "Алтынайдың үйіне кіріп алған" деген өсек. Ондай нәрсені ескермеуге тырысамыз", - деді Талғат Жорабаев.

Айта кетейік, осыған дейін Талғат Жорабаев бұрынғы жездесі Сәбит Әбдіхалықовпен қандай қарым-қатынаста екенін баяндап берген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Алтынай Жорабаева осыдан бірнеше жыл бұрын бірінші жұбайы Сәбит Әбдіхалықовтан ажырасқан болатын. Төрт қызымен қалған әнші 2020 жылы қайта тұрмысқа шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046605-zauyttary-bar-altynai-zorabaevanyn-inisi-qazirgi-zezdesi-zaily-aitty/

pixel