Алтынай Жорабаева көпшілікке енесін көрсетті (фото)
Жарияланған күні:
Әнші Алтынай Жорабаева көпшілікке күйеуінің анасын көрсетті. Өнер иесі енесінің суретін Instagram парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Қос анам. Сұлуларым, махаббаттарым. Аллаға шүкір", - деп жазды әнші.
Әнші осыған дейін де көпшілікке анасы мен енесін көрсеткен болатын.
Желі қолданушылары Жорабаеваның қос анасының ұқсайтынын айтып, желіде пікір қалдырған.
"Екеуі де ұқсайды екен", "Алтынай анаңыздан гөрі енеңізге ұқсайсыз", "Апалы-сіңлілі сияқты екеуі", "Екі анаңыз да сұлу", - деп пікір білдірді желідегілер.
Айта кетейік, өнер иесі жақында аяғының ауыр екенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұраған болатын.
Ал Алтынай Жорабаеваның інісі Талғат қазіргі жездесі жайлы ел арасында тараған қауесетке жауап берді. Ол әншінің қазіргі жұбайында жеке зауыты мен кәсібі барын ашып айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Алтынай Жорабаева осыдан бірнеше жыл бұрын бірінші жұбайы Сәбит Әбдіхалықовтан ажырасқан болатын. Төрт қызымен қалған әнші 2020 жылы қайта тұрмысқа шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046976-altynai-zorabaeva-kopsilikke-enesin-korsetti-foto/