Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Әділет Жауғашар өнерге келмес бұрын қайда жұмыс істегенін айтты

Опубликовано:

Әділет Жауғашар
Әділет Жауғашар. Фото: instagram.com/adilet.zhaugashar

Жас әнші Әділет Жауғашар өнер әлеміне 2019 жылы келген. Өнер иесі оған дейін базарда саудамен айналысқанын "1001 түн" бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Шымкент қаласында киім саттым. Ең бірінші Түркістанда ұсақ-түйек заттар саттым. Сосын көтерме саудамен айналыстым. Шымкентте "Қиял әлемі" саябағында жұмыс істедім. Оны кейін Атырауда аштық.

Базарда костюм-шалбар саттым. Менің мінезім тұйық болатын. Базардың жақсысы, адамдармен араласу арқылы мінезің ашылады. 2019 жылға дейін жұмыс істедім. 2019 жылы Алматыға өнерге кеттім. Қазір ешқандай кәсібім жоқ. Тапқан табысымды өнеріме, шығармашылығыма құйып жатырмын", - деді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін актриса Ақбота-Нұр мен жас әнші Әділет Жауғашардың түсірген видеосы әлеуметтік желіде көпшілікті қызықтырып қойған болатын.

Кейінірек қос өнер иесі тағы да бірге көпшіліктің көзіне түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047079-ansi-adilet-zaugasar-onerge-kelmes-buryn-qaida-zumys-istegenin-aitty/

pixel