Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нәр татпады": Фариза Төреәлі ауыр кезеңде өзіне қолдау білдірген күйеуіне алғыс айтты

Опубликовано:

Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев
Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев. Фото: Instagram/farizatoreali

Қазақстандық танымал блогер Фариза Төреәлі желіде күйеіне жантебірентерлік жазба арнап, оған алғысын білдірді. Желі жұлдызы өміріндегі аса ауыр кезеңде күйеуінің қолдауы елеулі болғанын алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фариза Төреәлі Түркияда денсаулығын тексертіп жатқан кезде күйеуі бар жағдайын жасап, оған үлкен қолдау көрсеткенін айтты. Тіпті блогер ару көптеген анализ тапсыратын болған соң аш жүрген кезде жолдасы да нәр татпай қойған.

"Дарханға Алладан миллиондаған сауаптар тіледім.. күйеуім болғаны үшін ғана емес, бойындағы адамдығы үшін, жұмсақ жүрегі үшін, адалдығы үшін.. Сіздің адал махаббатыңызға шексіз рахмет. Тек барыңызға шүкір деймін, бір жастықта қартаюды жазсын әмин. Тексеріс кезінде өте көп аш жүргізіп қойды. Бұл жағынан да біраз сабырлы болу керек болды. Алла тағала жан-жақтан шыңдалуымды қалады. Дархан да қолдау ретінде нәр татпай жүрді", - деп жазды Фариза Төреәлі Instagram парақшасында.

Айта кетейік, жақында ғана Төреғалидің қарындасы өзінде қауіпті дертке күдік бар екенін айтып, Түркияға онкология бойынша тексерілгенін жазған едік.

Блогер арудың өкпесін толыққанды тексеру үшін оған ота жасалынды. Операция аяқталған соң, Фариза Төреәлі көпшілікпен оның нәтижесімен бөлісті. Түркиялық мамандар қауіпті дерт анықталмағанын хабарлаған.

Еске салайық, Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев 2020 жылы тамыз айында үйлену тойын дүркіретіп жасаған болатын. Дархан Нортаев отандық спортшы, джиу-джитсудан әлем чемпионы екені көпшілікке белгілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047399-nar-tatpady-fariza-toreali-auyr-kezende-ozine-qoldau-bildirgen-kuieuine-algys-aitty/

pixel