"Ауруды бір рет жеңген": қатерлі ісікке шалдыққан 17 жастағы қазақстандық көмекке мұқтаж
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматы облысының 17 жастағы тұрғыны Мадияр – мейірімді, талантты және өмірге құштар жасөспірім. Екі жыл бұрын оған ауыр диагноз қойылды. Содан бері жігіт өз денсаулығы мен өмірі үшін күресіп келеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мадияр футбол ойнағанды, музыка тыңдағанды және достарымен араласқанды ұнатады. Ол —інісіне үлгі болып жүрген жан. 2024 жылдың соңында отбасы ауыр сынаққа тап болды. Көптеген тексеруден кейін жасөспірімге "альвеолярлық рабдомиосаркома" деген диагноз қойылды. Бұл – сирек кездесетін және өте қауіпті онкологиялық ауру.
"Біз дереу Түркияда емделе бастадық. Ол талай айға созылған ауыр күресті күресті артта қалдырды: химиятерапия курстарынан, сәулелік терапиядан өтті, үнемі тексеріліп, ауруханада жатты. Ауырсыну мен сынақтарға қарамастан, ол емді ерлікпен қабылдап, жазылып кететініне сенді.
Біздің күресіміз нәтиже берді – ремиссияға қол жеткіздік. Бұл отбасымыз үшін нағыз ғажайып болды. Біз қайтадан болашаққа жоспар құрып, әр күнге қуанып, аурудың артта қалғанына сендік", - деді жасөспірімнің анасы Маржан Сержанова.
Алайда ауру қайта оралды. 2026 жылдың маусымында кезекті тексеру кезінде дәрігерлер аурудың қайтып оралғанын анықтады. Енді Мадиярға Түркия клиникасында шұғыл емделу қажет. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін қайта емдеу терапиясын бастауға дайын. Алайда тексеру, ауруханаға жатқызу және одан әрі емдеу құны отбасының қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келмейді.
"Алдыңғы емдеу кезінде біз барлық жинағымыз бен ресурстарымызды тауыстық. Қазір біз баламыздың өмірі тек дәрігерлерге ғана емес, сонымен қатар жанашыр жандардың көмегіне байланысты болатын жағдайда қалдық.
Ана ретінде мен қаражаттың жетіспеушілігінен ұлымның өмір сүру мүмкіндігінен айырылып қалуы мүмкін деген оймен келісе алмаймын. Мадияр ауруды бір рет жеңген. Ол күресуге дайын екенін және берілмейтінін дәлелдеді. Бүгін оған осы күресті жалғастыру үшін қолдау қажет.
Кез келген көмек оның сауығып кетуіне үлкен үлес қосады және бізді басты мақсатымызға – баланың өмірін сақтап қалуға жақындатады", - деп қосты Маржан.
Реквизиттер:
Halyk: 4405 6397 8848 9076
Kaspi: 4400 4303 2013 6051
Маржан С.
Тел.: +7 708 200 2790
Instagram @ sbor_madiyar_
- Алматыда үш магнит жұтып қойған 5 жасар балаға күрделі ота жасалды
- "Анашым, шалқып күлсең...": Марат Омаровтың әйгілі әні Мақпал Жүнісоваға неге бұйырмады
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/medical-conditions/2423235-aurudy-bir-ret-zhenggen-qaterli-isikke-shaldyqqan-17-zhastagy-qazaqstandyq-komekke-muqtazh/
