Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал блогер миллиондап табыс тапса да, не үшін әлі күнге баспанасыз жүргенін айтты

Опубликовано:

Нұрдәулет Бектұрсын
Нұрдәулет Бектұрсын. Фото: instagram.com/nnnurdaylet

NNN лақап атымен танымал Нұрдәулет Бектұрсын - әлеуметтік желіде өте белсенді блогер. Ол қымбат көліктерімен ел назарын аударып жүр. Миллионер блогердің жарнамасының құны да арзан емес. Бірақ оның әлі күнге дейін үйі жоқ. Есесіне талай мәрте мұқтаж жандарға үй сыйлап үлгерді. Нұрдәулет KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұқбат беріп, блогерлік жолы қалай басталғанын, миллиондап табыс тапса да неге әлі баспанасы жоқ екенін айтты.

- Нұрдәулет мырза, сұқбатқа келісім бергеніңізге рахмет. Әңгімені алғашқы қадамды еске алудан бастайықшы. Блогерлікті қашан және қалай бастаған едіңіз?

- Мен блогерлік қадамымды Youtube желісінде қазақша контент жасаудан бастадым. Ол кездегі видеоларды көрсем қазір күлкім келеді. Алты жыл бұрын бастадым. Тынымсыз еңбек пен ізденістің үстінде болдым. Көбі оңай деп ойлайды. Бірақ мүлдем оңай емес. Көрерменге қызық болу және берер пайдасы бар контентті ойластыру, оған қаржы құю үлкен жұмыс.

- Есесіне қазір миллионер блогерсіз. Шоу-бизнес өкілдерімен дәмдес боламын деп мақсат еттіңіз бе?

- Шынымды айтсам, сол уақыттарда дастархандас болу былай тұрсын, жай ғана танымал әншілерді көремін деп те армандаған емеспін. Осындай қазақ елінің мақтаныштары өздерінің іс-шарасына қонақ ретінде шақырса қалмауға тырысамын.

- Айтпақшы, неліктен сұқбат бергіңіз келмейді? Бірнеше рет бізге де қарсылық білдірген едіңіз...

- Мен көп сұқбат бермеймін. Хабарласқан тілшілерге солай айтамын. Себебі, менің түсінігімде сұқбат беру үшін бітірген ісің, айтар сөзің, үлгі етер дүниең бар тұлға болуың керек. Тіпті кейбір тақырыптарда сөз қозғауға менің білімім де жетпеуі мүмкін. Сол себепті мен әлі отырып алып сұқбат беретін деңгейге жеткен жоқпын деп ойлаймын.

- Өзіңіз секілді миллионер блогер болу үшін артыңыздан ерген ізбасарларыңызға қандай кеңес берер едіңіз?

- Мен ешкімге блогер бол деп кеңес айтпаймын. Себебі блогерлік - кәсіп емес, хобби боп саналады. Кез келген салада блогерлік бар. Тіпті саясатта да блогерлік дамып жатыр. Ал егер өз ісінің кәсіби шебері болса, сол істі сүйіп жасайтын болса неге парақшасын дамытпасқа?! Менің ұстанымым – бірінші немесе ерекше бол. Және әр контенттің идеологиясы болуы керек.

- Осы күнге дейін өзіңіздің контентіңізге қанша қаржы салдыңыз?

- Мен қазір тапқан табысымнан екі есе көп ақша салдым. Әлі күнге дейін қаржы салынады. Менің командам бар, оқырманға тарататын сыйлықтарым бар, контентім бар. Соның бәрін есептесем, айына кем дегенде 5-6 млн теңге жұмсалады.

- Шатаспасақ, қазіргі таңда жарнамаңыздың өзі арзан емес...

- Көңілім қаласа, өзіме ұнаса кейде тегін де жасап беремін. Ал жарнаманың құны арзан емес. Жарнама берушілер көп емес, өзім де артық жарнама жасай бергім келмейді. Жаңадан бастаған кезде ештеңенің байыбына бармай жасаған жарнамаларым болды. Ал қазір өнім туралы мұқият зерттеп, барлығын тексереміз.

-Айтпақшы, ешкімнен ақша жинамай, қалтаңыздан шығарып жуырда мұқтаж отбасына үй алып бергеніңізді білем. Кімнің идеясы болды?

- Менің идеям болды. Команда қолдады. Менің әзірге үйім жоқ, бірақ 20 мұқтаж жанға үй сыйлаймын деген мақсатым бар. Мүмкін содан кейін өзіме үлкен үй алатын шығармын.

Дайындаған: Жанар Тайырқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047992-nnn-laqap-atymen-tanymal-bloger-milliondap-tabys-tapsa-da-nege-uii-zoq-ekenin-aitty/

pixel