Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобының басшысы ретінде танылған Еркін Ізбасар өмірден өтті

Опубликовано:

Еркін Ізбасар
Еркін Ізбасар. Видеодан кадр: KAZ.NUR.KZ

Қазақстанда "Ағайынды төртеу" лақап атымен танымал қылмыстық топтың жетекшісі ретінде танылған Еркін Ізбасар өмірден өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Дәурен Жабасовқа сілтеме жасап хабарлайды.

Кезінде атақты өнер жұлдыздары мен спортшыларға, мүгедек жандарға демеушілік жасап, атағы шыққан Еркін Ізбасардың қазасы туралы ақпаратты грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице президенті растады.

"Бұл хабарды бүгін түске дейін естідім. Ол кісіні спортшы ретінде танимын. Спортқа жанашыры болды. Палуандарды қолдады", - деді грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Дәурен Жабасов.

Еске салсақ, 2016 жылдың желтоқсан айында Еркін Ізбасарға қатысты қылмыстық іс қозғалып, мұнай ұрлау, қылмыстық топ құру, рейдерлік жолмен бизнесті тартып алу баптарымен айып тағылды. Сот оны 12 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркіледі. Үкім оқылған кезде Еркін Ізбасар сот залында Ахмет Байтұрсынұлының өлеңін оқыған. Ол өзіне тағылған айыппен келіскен жоқ.

Үш жыл өткеннен кейін бірінші топ мүгедегі Еркін Ізбасар бостандыққа шықты. Сот мұны жазасын өтеушінің денсаулығы нашарлағандықтан деп түсіндірді. 2021 жылы Өскемен қалалық сотының шешімімен дертінің ауырлығы ескеріліп, денсаулығы қалпына келуіне дейін босатты.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047802-tort-agaiyndy-qylmystyq-tobynyn-bassysy-retinde-tanylgan-erkin-izbasar-omirden-otti/

pixel