Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Тұрар Ыдырыс су жаңа көлік алды (фото)

Опубликовано:

Тұрар Ыдырыс
Тұрар Ыдырыс. Фото: instagram.com/turar__ydyrys

Әнші Тұрар Ыдырыс көпшілікке су жаңа көлігін көрсетті. Өнер иесі Instagram парақшасында марқұм әкесінің көзі тірісінде көлік алып үлгермегеніне өкініш білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бұл көлікті мен армандағанмын, алып берсем деп әкеме. Кішкене ғана үлгермей қалдым, өсіп, өнгенше жетіле... Бір коттедж үй мен 570-ті армандайды ғой жігіттер. Болмаған бізде. Шүкір, қазір бар! Жарайсың, Тұрар! Жете ме?

Тек дүниені армандай беріп, сәттерім кетті-ау қаншама... Арман орындалды. Ал өкініш осымен енді кете ме? Хабарласпай да, бір сырласпай да, қаншама жүрдің өзіңше. Бұл темір емес, өзің керек ең, тек сен керек ең әкеңе. Бағала, досым, жақындарыңды! Келмей тұрып сол жекеңе", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, жылы лебізін білдірді.

"Құттықтаймыз", "Бұл көлік болмаса да, әкеңіз басқасын мініп үлгерді", "Осы тұлпармен келін әкел", "Игілігіңе мін", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, осыған дейін Тұрар Ыдырыс әкесінің көзі тірісінде үй әперіп үлгергенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048325-ansi-turar-ydyrys-su-zana-kolik-aldy-foto/

pixel