Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Босанып алдыңыз ба": аяғы ауыр видеосы тараған Жанар Дұғалова көпшілікке мінсіз мүсінін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Жанар Дұғалова бағдарламада
Жанар Дұғалова. Фото: instagram.com/zhanar_dugalova

Осыдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіде Жанар Дұғалованың аяғы ауыр сәтінен видео тараған болатын. Өнер иесі Instagram парақшасында мінсіз мүсінін көрсетіп, көпшілікті таңғалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Суреттен қою қызыл түсті көйлек киген Жанар Дұғалованы байқауға болады.

Ал желі қолданушылары әншіні "босанып алды" деп болжап, сұрақ астына алған.

"Аяғыңыз ауыр еді ғой", "Босанып алды ғой", "Әлі босанатын уақыты жетпеген сияқты", "Алдында ғана концерттен видео салған. Аяғы ауыр еді", "Сұлусыз", "Әдемісіз", "Сұлулық символы", - деп жазды желідегілер.

Еске сала кетсек, әнші Жанар Дұғалова биыл наурыз айында ұзатылған болатын.

Араға жеті күн салып, қос ғашық үйлену тойын дүркіретіп өткізген еді.

Ал тамыз айында желіде Жанар Дұғалованың аяғы ауыр видеосы тарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048412-bosanyp-aldynyz-ba-ayagy-auyr-videosy-taragan-zanar-dugalova-kopsilikke-minsiz-musinin-korsetti-foto/

pixel