Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Alternativa Film Awards киносыйлығы жеңімпаздарын жариялады

Опубликовано:

Alternativa Film Awards
Фото: InDrive

Alternativa Film Awards жаңа халықаралық кино сыйлығы екінші желтоқсанда Алматыда өткен алғашқы марапаттау рәсімінде 2023 жылғы жеңімпаздарын жариялады.

Alternativa Film Awards сыйлығы оң әлеуметтік өзгерістердің таратушысы бола алатын фильмдерді қолдайды және кино марапаттар мен импакт марапаттардың тәсілдерін біріктіреді. Қатысатын жұмыстар - маңызды әлеуметтік және мәдени мәселелерді қозғайтын, адамдар мен жергілікті қауымдастықтардың өміріне әсер ететін шығармалар.

Әділ қазылар алқасы қырғызстандық режиссер Мирлан Әбдіхалықовтың "Қыз алып қашу" фильміне Spotlight номинациясы бойынша жүлде берді.

"Бұл драма екі әлемді байланыстырады және дәстүр мен төзімділікті зерттейді. Фильм қауіптілігі күн санап артып жатқан әлемде адам болудың күрделілігін көрсетеді", - дейді қазылар алқасы.

Alternativa Film Awards
Фото: InDrive

Spotlight номинациясында, сондай-ақ Өзбекстаннан келген режиссер Шокир Холковтың "тез өзгеретін қоғамдағы адамдардың қарым-қатынастарын жетік бейнелей" алған "Жексенбі" фильмі жүлделі болды. Бұл - әр түрлі ұрпақ құндылықтары тоғысқан отбасылық драма.

Future Voice номинациясы бойынша жүлде қазақстандық режиссер Асхат Күшірековтің "Бауырына салу" фильміне берілді. Фильм "ескірген дәстүрдің заманауи драмаға қалай айналғанын суреттейтін өткір режиссерлік көзқарас пен тамаша актерлік шеберлік үшін" марапатқа ие болып отыр.

Alter номинациясы бойынша жүлде қазақстандық режиссер Катерина Суворованың Qoryqpa фильміне бұйырды.

"Бұл жұмыс көптеген кедергіге тап болған трансформация мен оң өзгерістерге деген терең қоғамдық сұранысты, сонымен бірге өз елінің болашағын ойлайтын жаңа ұрпақ қалыптастырған Қазақстандағы соңғы бес жылдың ішіндегі болған оқиғаларды көрсетеді", - деп атап өтті қазылар алқасы.

Alternativa Film Awards
Фото: InDrive

Nativa номинациясындағы сыйлыққа непалдық режиссерлер Раджан Катхет пен Сунир Пандейдің "Қысқы демалыс болмайды" фильмі ие болды. Қазылар алқасы "кез келген фантастиканы шаң қаптыратын шынайы оқиғаны баяндайтын» бұл фильмге жоғары баға берді.

Соңында Short Awards сыйлығы қырғыз режиссері Дастан Мадалбековтің "Әкесінің ұлы" қысқаметражды фильміне берілді. Қазылар фильмге "Балалардың отбасында жиі еленбей жататын жасырын қорқыныштар мен мұң туралы ашық әрі әсерлі оқиға" деген баға берді.

Кеңестік Қазақстандағы 1930 жылдардағы ашаршылықтың қызып тұрған шағында орын алған "тарихтың маңызды және қорқынышты бетінің егжей-тегжейлерін бұқаралық аудиторияға жеткізу мақсатында жанрлық киноға бет бұрған батылдығы үшін" қазақ режиссері Айсұлтан Сейітовтың "Қаш" фильміне арнайы Resonance жүлдесі берілді. Сондай-ақ бұл номинацияда қазақстандық режиссер Асқар Ұзабаевтың отбасылық зорлық-зомбылық туралы "Бақыт" драмасы ерекше аталды.

Alternativa Film Awards
Фото: InDrive

Жүлде жеңімпаздарын Азия мен Еуропаның кинематографистерінен, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тұратын тәуелсіз халықаралық қазылар алқасы анықтады. Биылғы қазылар алқасын филиппиндік кинорежиссер, Канн фестивалінің жеңімпазы Брийанте Мендоса бастаған топ құрады. Қазылар арасында Гита Саэди Кили, Удайя Прасанна Витанаге, Ринту Томас, сондай-ақ Баян Алагузова, Вячеслав Абрамов, Руслан Акун, Умида Ахмедова және Анна Чубинидзе болды. Alternativa Film Awards ұйымдастыру комитеті марапат иелерін таңдауға қатысқан жоқ.

Alternativa Film Awards – inDrive жаһандық технологиялық компаниясы Орталық Азияда 2023 жылы іске қосылған халықаралық коммерциялық емес Alternativa Film Project жобасының бөлігі.

Alternativa Film Awards
Фото: InDrive

Жоба дамып келе жатқан киноиндустрияның кинорежиссерлерін қолдау үшін құрылған, оның миссиясы — әлем туралы түсінігімізді кеңейте алатын және оны жақсы жаққа өзгертуге көмектесетін авторларды халықаралық алаңда таныту, олардың кәсіби дамуына, киноиндустрия мен қауымдастықтың дамуына серпін беру.

Alternativa Film Project – елден елге көшіп, бірте-бірте географиясын кеңейтіп жатқан жоба. 2023 жылдың негізгі бастамалары – Алматы мен Бішкектегі Alternativa Film Labs аясындағы үш білім беру бағдарламасы, сондай-ақ басты оқиға – 2 желтоқсанда Алматыда өткен халықаралық Alternativa Film Awards марапатының алғашқы салтанатты рәсімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049883-alternativa-film-awards-kinosyilygy-zenimpazdaryn-zariyalady/

pixel