Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақшаның қатысы жоқ": "Диета.кз" тобының бұрынғы әншісі неліктен екіге бөлініп кеткендерін ашып айтты

Опубликовано:

Нұрбақыт Қарағай
Нұрбақыт Қарағай. Видеодан кадр: "Қызықты weekend" бағдарламасы

"Диета.кз" тобының бұрынғы әншісі Нұрбақыт Қарағай жеке әншілікке бет бұруының себебін айтты. Өнер иесі "Менің өмірім" бағдарламасына сұхбат берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Топ бөлінгенімен қазіргі уақытта екі жақ бақталас деген сияқты ғой. Оларға қарап мотивация алып, мен де қимылдаймын. Алдында Жасұлан бауырым салмақ тастағанда, мен де 27 келіге арықтадым. Жалғыз шыққалы шығармашылықты сезініп келе жатырмын.

Топтың тарауына ақшаның түк қатысы жоқ. Топтың он жыл бірге жүруі қолдан келе бермейді. Мүмкін, бір-бірімізден жалыққан шығармыз. Бір-біріміздің сөзімізді көтере алмайтын дәрежеге жеттік. Жұмыс істеу жағы да тоқтап қалды. Бір жағынан жаңа нәрсе керек болды. Екеуіміз ақылдаса отырып, бөліндік. Ауыр ештеңе болған жоқ", - деді Нұрбақыт Қарағай.

Еске сала кетейік, осыған дейін "Диета.KZ" тобының мүшесі Жасұлан Базарбаев оншақты жыл бойы өзімен өнер көрсеткен әріптесі Нұрбақыт Қарағайдың бөлініп кету себебін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052479-soz-kotere-almaityn-darezege-zettik-dietakz-tobynyn-buryngy-ansisi-nelikten-ekige-bolinip-ketkenderin-asyp-aitty/

pixel