Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олжас Сүлейменов, Бибігүл Төлегенова, Асанәлі Әшімов: мемлекеттік стипендия иегерлерінің тізімі жарияланды

Опубликовано:

Асанәлі Әшімов актер
Асанәлі Әшімов. Скриншот: Алтынбек Қоразбаевтың концертінен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлйды Ақорда ресми сайтында.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мәдениет саласындағы бірнеше қайраткеріне мемлекеттік стипендияларды тағайындады.

"2023 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы

1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2023 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия берілсін.

2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын", - делінген бұйрықта.

2023 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия берілген адамдардың дербес құрамы мына жерде жарияланды.

Стипендия иегерлерінің тізімінде белгілі ақын-жазушы Олжас Сүлейменов, әйгілі актер Асанәлі Әшімов, әнші Бибігүл Төлегенова, актрисалар Меруерт Өтекешова және Самал Еслямова бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2053365-olzas-suleimenov-bibigul-tolegenova-asanali-asimov-memlekettik-stipendiya-iegerlerinin-tizimi-zariyalandy/

pixel