Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өмірқұл Айниязов әйелі мен ұлын перзентханадан шығарып алды (видео)

Опубликовано:

Өмірқұл Айниязов отбасымен
Өмірқұл Айниязов отбасымен. Фото: Instagram/omirkul_ainiyazov

Белгілі дәстүрлі әнші Өмірқұл Айниязов келіншегі мен ұлын перзентханадан шығарып алды. Жақында өнер иесінің үшінші перзенті дүниеге келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өмірқұл Айниязов әйелі мен сәбиін перзентханадан қалай шығарып алғанын Instagram парақшасында көрсетті. Әнші отбасылық қуанышынан видео жариялап, ел назарына ұсынды.

Өнер иесінің қуанышына тек ет-жақындары ғана қатысқан. Ерлі-зайыптының туыстары перзентханада әншінің келіншегіне гүл шоғын тарту етіп, ерекше құттықтады.

Жиналған көпшілік перзентханадан кейін жұлдызды шаңыраққа барып, әртістің қуанышын тойлауды жалғастырған. Қонақтар дүние есігін енді ғана ашқан сәбиге ақ тілегін айтып, дастархан басында өнерін де паш етті.

Айта кетейік, Өмірқұл Айниязовтың үшінші перзенті 2024 жылдың алғашқы күнінде дүниеге келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2054516-omirqul-ainiyazov-aieli-men-ulyn-perzentxanadan-sygaryp-aldy-video/

pixel