Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Естімедік деп ренжімеңіздер": Ерке Есмахан жақсы жаңалығын жария етті

Опубликовано:

Ерке Есмахан мен Раим
Ерке Есмахан мен Раим. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан жақсы жаңалығын жария етіп, жанкүйерлерін қуантты. Декреттік демалыста отырған өнер иесі алдағы уақытта шығармашылығын қолға алмақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан шығармашылығына қатысты жаңалығын Instagram парақшасында хабарлады. Шоу-бизнес жұлдызы жақын арада сахнаға қайта оралатынын айтты. Бірақ бұл жолы әнші бір өзі ғана емес, күйеуі Raim-мен бірге концерт бермек.

"Күшті жаңалық айтамын. Артынан естімедік деп ренжімеңіздер. Ән салып, би билеп, суретке түскілеріңіз келсе, концертке келіңіздер. Көптен жүздеспедік", - деп жазды өнер иесі.

Жақында ғана балалы болған жұлдызды жұп наурыз айында Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Орал және Ақтау қалаларында ән кешін өткізеді.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмаханның қалың көпшілікке мінсіз мүсінін паш еткенін жазған болатынбыз. Өнер иесі босанғаннан кейінгі дене бітімін көрсетіп, елді таңғалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055979-estimedik-dep-renzimenizder-erke-esmaxan-zaqsy-zanalygyn-zariya-etti/

pixel