Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Базарда арба айдаған Бағлан Әбдірайымовтың видеосы желіге тарады (видео)

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов
Бағлан Әбдірайымов. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

"Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымовтың желіге тараған видеосы оқырмандарын таңғалдырды. Өнер иесі базарда арба айдаған сәтін Instagram парақшасына жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ал мынаған не дейсіздер", - деп жазды әнші.

Видеодан Әбдірайымовтың базарда арбамен ыдыс дүкенінің қораптарын тасып жүргенін байқауға болады.

Желі қолданушылары әншінің бұл видеосы жаңа фильміне байланысты түсірілгенін жазуда.

"Ән айтқанға дейін базарда жұмыс істегенін айтқан еді ғой. Жаңалық емес", "Бағланға ұқсайтын біреу екен десем", "Шошып кеттім ғой", "Фильміңізді күтіп жүрміз", "Адал бейнеттің несі бар екен?", "Кім қалай еңбек етсе де, адал еңбектің ұяты жоқ", - деп жазды желідегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін әнші 20 жыл сахнада жүріп, әкесіне бір көлік әпермегеніне өкініш білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056104-bazarda-arba-aidagan-baglan-abdiraiymovtyn-videosy-zelige-tarady-video/

pixel