Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақында ұлын қырқынан шығарған Ерке Есмахан шетелге демалуға ұшып кетті (видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан ұлы Исламның "қырқынан шығару" рәсімін өткізген бойда отбасымен шетелге демалуға ұшып кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Ерке Есмахан мен Раймның отбасылық демалысқа ұшып кеткені жайлы Instagram желісінен белгілі болды. Әнші ару өз парақшасында түрлі видео жариялап, ыстық мекендегі демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті.

Саяхаттауды жаны сүйетін ерлі-зайыптының таңдауы бұл жолы Мальдив аралдарына түскен. Бұл сапарға Ерке Есмахан күйеуі, екі ұлы мен қайын інісімен бірге барған.

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан өткен жылдағы бақытты сәттерін еске алып, оқырмандарына Райм екеуінің махаббат хикаясы қалай өрбігенін айтып берді.

Оған қоса өнер иесі наурыз айында сахнаға қайта оралатынын хабарлады. Әнші ару күйеуімен бірге концерт бермек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056685-zaqynda-ulyn-qyrqynan-sygargan-erke-esmaxan-setelge-demaluga-usyp-ketti-video/

pixel