Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйде де ән айтпайтынмын": әнші Балжан Бидаш 3-4 жыл өнерден үзіліс алғанын айтты

Опубликовано:

Балжан Бидаш
Балжан Бидаш. Фото: instagram.com/bidash_official

Әнші Балжан Бидаш тұрмыс құрғаннан кейін өнерден үзіліс алған. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында тіпті үйде де ән айтпағанын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"3-4 жыл ән айтпадым. Жаным сахнаны қалайды. Өйткені менің ата-анам музыкант. Өнерлі отбасыда өстім. Көзімді ашып, есімді білгелі музыканың ортасында өстім. Бұл Құдайдың берген сыйы деп білемін.

Көбісі біледі, тұрмыс құрғаннан кейін кішкене үзіліс болды. Әншілер де спортшылар секілді қалпынан шығып қалады. Дауысты да үнемі жаттықтырып отыру керек. Дауыс әрқашан қалпында тұруы керек. Егер ән айтпасаң, дауысың жабылып қалады. Үйде де ән айтпайтынмын. Мен өзі сондай адаммын. Халықтың алдында, стадионда ән айтқанды жақсы көремін", - деді Балжан Бидаш.

Еске сала кетейік, былтыр қыркүйек айында Балжан Бидаш пен Жахан Отарғалиев ажырасып кеткенін мәлім етті.

"Сіздер шындықты білуге лайықтысыздар. Осы уақытқа дейін біз үшін алдаңдап жатқандарыңызға рахмет. Сондықтан "рас па, өтірік па" деген ақпаратты "Біз екі жаққа кеттік" деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін", - деп жазған болатын Балжан Бидаш.

Ал Жахан Отарғалиев Балжанды қатты жақсы көргенін және ажырасқаннан кейін күйзеліске түскенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057416-uide-de-an-aitpaitynmyn-ansi-balzan-bidas-3-4-zyl-onerden-uzilis-alganyn-aitty/

pixel