Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сыртынан түрткілеу дұрыс емес": Балжан Бидаш ажырасқаннан кейін күйзелістен қалай шыққанын айтты

Опубликовано:

Балжан Бидаш
Балжан Бидаш. Фото: Instagram/bidash_official

Балжан Бидаш пен актер Жахан Отарғалиев былтыр қыркүйек айында ресми түрде ажырасты. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында ажырасқаннан кейін күйзелістен қалай шыққанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Іштей өзіммен сырластым. Мен әкеме жақынмын. Анаммен сөйлесемін, бірақ қатты сырласпаймыз. Мен әкемнің қызымын ғой. Шынайы қолдау білдіретін құрбыларым бар.

Өзім де ақымақ емеспін ғой. Таразыға саласың, оқисың, ізденесің. Әр адам өз-өзіне көмекші. Біреудің ойын, пікірін тыңдап, қателесуі мүмкін. Әр адам өз жүрегін тыңдауы мүмкін", - деді Балжан Бидаш.

Сонымен қатар әнші бұрынғы күйеуінің сыртынан ештеңе айтқысы келмейтінін жеткізді.

"Біздің жағдайда мен ешкімді жамандап, жағдайды айтпадым. Қайтадан өшіріп тастайтын жазба жарияламадым. Барынша сабырмен шешуге тырыстым. Әркім ойында не тұр, соны көреді. Мүмкін мен басқа сезіммен жазған шығармын. Әркім өзінде не тұр, солай қабылдайды.

Шынымды айтсам, оған қатысты ештеңе жазғым келмейді. Сыртынан ештеңе жасағым келмейді. Менің өмірімде маңызды адам болса, оған желіде жазып не істеймін? Мүмкіндік бар кезде ол әңгімені кездесіп немесе телефонмен айта аламын. Менің ойымша, сыртынан түрткілеп, әр нәрсені жазу дұрыс емес деп ойлаймын. Жеке өмірді барынша қозғағым келмейді", - деді Балжан Бидаш.

Еске сала кетейік, былтыр қыркүйек айында Балжан Бидаш пен Жахан Отарғалиев ажырасып кеткенін мәлім етті.

"Сіздер шындықты білуге лайықтысыздар. Осы уақытқа дейін біз үшін алдаңдап жатқандарыңызға рахмет. Сондықтан "рас па, өтірік па" деген ақпаратты "Біз екі жаққа кеттік" деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін", - деп жазған болатын Балжан Бидаш.

Ал Жахан Отарғалиев Балжанды қатты жақсы көргенін және ажырасқаннан кейін күйзеліске түскенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057490-syrtynan-turtkileu-durys-emes-balzan-bidas-azyrasqannan-keiin-kuizelisten-qalai-syqqanyn-aitty/

pixel