Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатты сағындым": тележүргізуші Анна Данченко өмірден өткен әкесін еске алды

Опубликовано:

Анна Данченко
Анна Данченко. Фото: instagram.com/ann_2905

Анна Данченко марқұм әкесін еске алды. Тележүргізушінің әкесі 2022 жылы өмірден өткен болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен әкемді қатты сағындым. "Уақыт - емші" дейді. Өтірік! Ішімдегі сезімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Қазір жанымызда болғанда ғой", - деп жазды Анна Данченко Instagram желісіндегі парақшасында.

Ал былтыр Анна Данченко әкесінің қазасы анасына ауыр әсер еткенін айтты. Күйеуінің қазасын көтере алмаған тележүргізушінің анасы жансақтау бөліміне түскен болатын.

"Анам қолыма келген соң, барынша көңілімді, уақытымды арнауға тырысып жүрмін ғой. Бірақ енді, папа кеткеннен кейін денсаулығы сыр берді. Инфаркт алғанда да бәрі менің көз алдымда болды", - деген болатын тележүргізуші.

Осы жағдайдан кейін Анна Данченконың анасы былтыр қыркүйекте қайта ауруханаға түсті.

Тележүргізушінің айтуынша, оның анасы бұл жолы инсульт алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058441-qatty-sagyndym-telezurgizusi-anna-dancenko-omirden-otken-akesin-eske-aldy/

pixel