Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"10 млн-нан астам қаралым жинаған": "Фарида" әнін шырқаған қытайлық блогер желіде жұлдыз болды (видео)

Опубликовано:

Доң Джу
Доң Джу. Видеодан кадр: tiktok.com/@dz000411

Тибеттік Доң Джу есімді жігіт орындап шыққан "Фарида" әні Қытайдың Tiktok желісінде он мыңнан астам қаралым жинады. Қазақша әнді нақышына келтіре орындап, желі қолданушыларының ықыласына бөленген тибеттік блогер бұл әнді қазақ достарынан естіп, айтып шыққан, деп хабарлайды Кazinform.

Ақпараттық агенттік тілшісінің мәліметінше, 23 жастағы Доң Джу Қытайдың Тибет автономды ауданына шекаралас Сычуань провинциясында тұрады. Сол аймақта блогерлікпен айналысады.

Алғаш рет "Музарт" тобының орындауындағы "Фарида" әнін қытайлық жігіт ағасының үйлену тойында айтып берген. Әнді қазақ достарынан естіген екен.

"Қазақстанға барып көрмедім. Қытайда көптеген қазақ халқы тұратынын, тілдеріңіз ұйғыр тілімен ұқсас екенін білемін. Бала кезімнен хобби ретінде ән саламын. Дүнген, қытай, қазақ, ұйғыр әндерін айтамын, әсіресе көңілді, ырғақты әндерді жақсы көремін", - дейді Доң Джу.

Доң Джудың орындауындағы қазақша ән Іле қазақ автономиялық облысындағы Іле қаласының радиоарнасында берілген.

"Бұл бейнеролик Қытайдың әлеуметтік желілерінде 10 миллионнан астам қаралым жинады. Оның ішінде Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданында ең көп көрілген және Іле қазақ автономиялық облысындағы Іле қаласының радиоарнасында қойылыпты. Қытайдың Tiktok-тан басқа әлеуметтік желілеріне де тарады. Маған соңғы үш күнде 20 мың жаңа көрермен қосылды", - дейді блогер.

Қытайлық блогер бұл әннің Ғазизхан Шекербеков жасаған жаңа музыкалық аранжировкасын пайдаланған.

Бейнероликтен ән айтып тұрған жігіттің мойнына әйел адам сары түсті маталар жауып жатқанын көруге болады. Әнші жігіттің айтуынша, бұл Тибеттің "хадак" деген дәстүрі екен. Жиын-тойда құрметті қонаққа түрлі-түсті жібек мата тарту етеді екен. Соны жергілікті халық "хадак" деп атайтын көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059094-qytailyq-bloger-syrqagan-farida-ani-zelide-10-millionnan-astam-qaralym-zinady-video/

pixel