Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өмірқұл Айниязов отбасымен кенже ұлын қырқынан шығарды (фото, видео)

Опубликовано:

Өмірқұл Айниязов пен жұбайы
Өмірқұл Айниязов пен жұбайы. Фото: instagram.com/farida_ainiyazova

Әнші Өмірқұл Айниязов қаңтар айында үшінші рет перзентті болды. Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында кенже ұлын қырқынан шығарғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әне-міне дегенше, Айсұлтанды қырқынан шығаратын күн де келіпті", - деп жазды әнші.

Сонымен қатар әнші кенже ұлының қырқынан шығаруына арнайы дайындалған торт пен тойбастарды көрсеткен.

Желі қолданушылары әншінің отбасылық қуанышына ортақтасып, ақ тілегін арнады.

"Ғұмырлы болсын", "Айсұлтан мойыны бекіп, кісіге көз тоқтатып қарайтын болды десеңші", . "Адам қызығарлық өнерін көрсетіп, ата-анасын, туыстарын қуанышқа бөлей берсін", "Тамаша", "Керемет", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Өмірқұл Айниязовтың үшінші перзенті 2024 жылдың алғашқы күнінде дүниеге келді.

Кейінірек Өмірқұл Айниязов әйелі мен сәбиін перзентханадан қалай шығарып алғанын көрсетті. Әнші отбасылық қуанышынан видео жариялап, ел назарына ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059104-omirqul-ainiyazov-otbasymen-kenze-ulyn-qyrqynan-sygardy-foto/

pixel