Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл әңгімеге араласпаймын": әнші Кенжебек Нұрдолдай отбасылық даудан кейін ДНҚ тапсырды

Опубликовано:

Кенжебек Нұрдолдай
Кенжебек Нұрдолдай "Песни от души" эфирінде. Видеодан кадр: Youtube/ Kenjebek nurdolday

Осыған дейін жас әнші Кенжебек Нұрдолдайды әйелі "баласын мойындамады" деп айыптап, отандық бағдарламаға келген болатын. Отбасылық даудан кейін өнер иесі "Көреміз" бағдарламасында ДНҚ сараптамасын тапсырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бірінші бағдарламадан кейін сотқа арыз түсірдік. Екі рет сот отырысы өтті. Бірақ Кенжебек келмеді. Ал үшінші ретте Кенжебектің заңгері шықты. Бала менікі емес деп айтты. Көп жалған ақпарат айтты.

Бала 7 айда туылды. Менің балам болса, кешірек туылуы керек еді. Күні сәйкес емес деді", - деді Кенжебек Нұрдолдайдың бұрынғы жұбайы Жәмилия.

Ал Кенжебек Нұрдолдай ДНҚ сараптамасын заңгерлердің айтуымен тапсырғанын айтты.

"Шынымды айтар болсам, бұл әңгімелерді заңгер өзі жазады. Неге десеңіздер, мен бұл әңгімеге басымды сұғып араласпаймын. Ол кісі менен "Қанша ай тұрдыңдар?" деп сұрады. Заңгердің өзінің сараптамасы. Бағдарламаға келгенде ДНҚ сараптамасын да қатты алдырғым келмеді. Бірақ заңгерлер "Алдыр. Мүмкін сіздікі емес шығар" дегеннен кейін, ДНҚ сараптамасын жасатуға бел будым. Сабыр менің балам деп ойлаймын", - деді Кенжебек Нұрдолдай.

Бағдарлама барысында кішкентай нәресте мен әнші Кенжебек Нұрдолдай ДНҚ тапсырды. Қан сараптама нәтижесі 99,97 пайызды құрап, Кенжебек Нұрдолдай баланың әкесі екені анықталды.

Айта кетейік, осыған дейін әнші әлеуметтік желіге тараған үйлену тойының видеосы рас екенін мәлім етіп, әйелінен кешірім сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059681-bul-angimege-aralaspaimyn-ansi-kenzebek-nurdoldai-otbasylyq-daudan-keiin-dnq-tapsyrdy/

pixel