Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әннен шаршадым": танымал қазақ әншісі Бибігүл Төлегенова жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Бибігүл Төлегенова опера әншісі
Бибігүл Төлегенова. Скриншот: Алматы қаласы оқушылар сарайы

Танымал қазақ опера әншісі Бибігүл Төлегенова бүгінде ән айтуды қойғанын айтты. 94 жастағы өнер иесі "Таңшолпан" бағдарламасында жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мына рояльға келесі жылы 50 жыл болады. Мына рояль - менің досым, жұбайым, балам. Осыдан басқа ешкім жоқ. Әрине, бала-шағам бар. Сондықтан мен арасында ән үйреніп, өзімше дауысымды жөндеп отырамын.

Қазір қойдым. 90 жастан кейін қойдым. Шаршадым. Шабал Бейсекова "Сен ұзақ ән айтасың. Кейін шаршайсың" дейтін. Шынымды айтсам, әннен шаршадым. Тіпті аспапқа жақындағым келмейді", - деді Бибігүл Төлегенова.

Айта кетейік, осыған дейін 94 жастағы Халық әртісі қазіргі денсаулығы жайлы баяндап берген болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бибігүл Төлегенова өткен өмірін еске алып, бірінші күйеуі жайлы айтып берді. 93 жасқа келген әнш өзінен бір мүшел үлкен адамға анасының келісімінсіз тұрмысқа шығып кеткенін және отбасылық өмірде болған қиындықтарын бөліскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059822-annen-sarsadym-tanymal-qazaq-ansisi-bibigul-tolegenova-zan-syryn-aqtardy/

pixel