Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулық келіншек Бейбіт Қорғаннан баласы барын айтты: әйелдің заңгері істің мән-жайын мәлім етті

Опубликовано:

Бейбіт Қорған
Бейбіт Қорған. Фото: instagram.com/beibitkorgan

Былтыр қарашада атыраулық келіншек Бейбіт Қорғаннан төрт жасар ұлы барын айтқан болатын. Әйелдің адвокаты жақында ДНҚ сараптамасын тапсырған өнер иесіне қатысты істің мән-жайын "Астарлы ақиқат" бағдарламасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарламаның өткен санында атыраулық келіншекке танымал заңгер Тілеужан Кішкенебаев көмектесетінін айтқан болатын.

"Әншіні сотқа беруге ұйғардық. Өйткені, ол өз еркімен АХАТ бөліміне келіп, балаға тегін беруден бас тартты. Сол себепті сот арқылы жасауға мәжбүр болдық. Атырау қаласының кәмелет жасқа толмағандардың ісі бойынша іс сотқа түсті. Сот отырысына Бейбіт Қорғанды шақырды. Әншінің қорғаушысы келді.

Ол талаппен келіскен жоқ. "Баланың әкесі емеспін" деді. Одан кейін сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сарапшыларға өткіздік. Қорытындысын күтіп отырмыз. Егер баланың әкесі екені расталса, ары қарай шешімді сот шығарады. Яғни, әкесі екенін таниды және алимент өндіріледі.

Ол кісінің өзі сотқа қатыспады. Қорғаушысын жіберді. Қорғаушы арқылы әкесі еместігін баяндады", - деді Тілеужан Кішкенебаев.

Еске сала кетейік, атыраулық келіншек осыдан 5 жыл бұрын әнші Бейбіт Қорғанмен көңіл жарастырып, ұлды болғанын айтты. Әйел төрт жасар баласы әншінің ұлы екеніне сенімді екенін жеткізген болатын.

Алайда Бейбіт Қорған бағдарлама редакторларына телефон арқылы жауап беріп, ол әйелді танымайтынын жеткізді және әнші ДНҚ тапсырудан бас тартқан болатын.

"Жоқ, мен ондайды білмеймін. Екінің бірі "Менен балалы болдым" десе, әрқайсысына ДНҚ тапсыруым керек пе? Қалай сонда? Екінің бірі солай айта берсе, сене бермейміз ғой. Мен бармаймын. Не үшін баруым керек? Танымайтын адамның айтқанына жүгіріп бара бермеймін. Ондай адам емеспін. Танымаймын", - деп жауап берген еді Бейбіт Қорған.

Осылай дегеніне қарамастан, әнші бірнеше күн бұрын ДНҚ сараптамасын тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059888-atyraulyq-kelinsek-beibit-qorgannan-balasy-baryn-aitty-aieldin-zangeri-istin-man-zaiyn-malim-etti/

pixel