Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұланғасыр Қамиев хит әні "Балқияға" қанша қаражат кеткенін айтты (фото)

Жарияланған күні:

Ұланғасыр Қамиев
Ұланғасыр Қамиев. Фото: instagram.com/ulangasyrqamiev

Жас әнші Ұланғасыр Қамиевтің "Балқия" әні танымал хитке айналды. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында аталмыш әнге қанша қаражат жұмсағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысының бірі әншіден "Құпия болмаса, "Балқия" әніне қанша шығын кетті?", - деп сұраған.

Ал Ұланғасыр Қамиев бейнебаянды қоспағанда, 500 мың теңге жұмсағанын айтты.

"Жалпы 500 мың теңге. Бұл баға бейнебаянды есептемеген кезде", - деп жауап берді.

Ұланғасыр Қамиев
Ұланғасыр Қамиев. Скриншот: instagram.com/ulangasyrqamiev

Еске сала кетейік, осыған дейін Ұланғасыр Қамиев KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұқбат беріп, әнші неліктен отбасылы болудан қорқақтап жүргенін айтқан болатын.

"Үйленуге дайын емеспін. Киноларды көргенде 1-2 сағат үйленгім кеп алып-ұшып жүрем де, буы тез басылады. Моральды тұрғыда дайын емеспін. 5-6 жылдан соң ғана үйленетін шығармын. Әзірге кездесіп, махаббат болып жүрген қызым да жоқ. Жеке өмірге тіпті уақыт та жоқ", - деген болатын әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062360-ulangasyr-qamiev-xit-ani-balqiyaga-qansa-qarazat-ketkenin-aitty-foto/