jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    20 аспапта емін-еркін ойнайтын 18 жастағы павлодарлық музыкант туралы не білеміз (видео)

    Айдын Серікұлы
    Айдын Серікұлы. Видеодан кадр: instagram.com/tansholpan_tv

    Әртүрлі саз аспабын меңгеруге ден қойған 18 жастағы павлодарлық музыкант Айдын Серікұлы қазіргі таңда 20 аспапта ойнай алады. Жас музыкант "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұхбатында әлі де аспаптарды меңгеруды жалғастыратынын айтты.

    Павлодарлық Айдын Серікұлының музыкаға деген құштарлығы 20-ға жуық аспапты меңгеруге себеп болған. Ол әншілік таланты нағашыларынан дарығанын айтады.

    "Атам шебер болған. Домбыра жасағанмен, ән айтпаған. Нағашы жұртымда ән айтатындар көп. Бірақ ешкім аспапта ойнамаған. Менде осы екеуі де араласып, аспап та да ойнай аламын, ән де айта аламын", - дейді жас музыкант.

    Ол алдымен қос ішекті домбыраны қолға алып, кейіннен көне түркі тайпаларының үрмелі және ұрмалы аспаптарын меңгеріп алған.

    Қазіргі таңда дәстүрлі ән мектептерін зерттеп жүр. Айдын Серікұлы тарихи туындыларды аспаптардың сүйемелдеп қана қоймай, әнге дыбыстық реңк беріп те құйқылжыта орындайды.

    "Аспап меңгеру біршама уақыт алады. Ең бірінші қазақтың қара домбырасынан бастадым. Үрмелі, ұрмалы аспаптарға қызығушылық оянды. Аспаптарды меңгеруді жалғастыра беремін, алдағы уақытта әзірбайжандықтардың дудук аспабын үйренемін", - дейді музыкант.

    20 аспапта емін-еркін ойнайтын 18 жастағы павлодарлық музыкант туралы не білеміз (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.