Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Джип мінгізді": Жүрсін Ерман айтыс ұйымдастырудан қанша гонорар алатынын айтты

Опубликовано:

Жүрсін Ерман
Жүрсін Ерман. Фото: instagram.com/zhursin_yerman

Айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман жақында 73 жасқа толды. Ақын Жандарбек Бұлғақовқа берген сұхбатында айтыс ұйымдастырғанына қанша гонорар алатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Маған Қонаевтың айтысында бір джип мінгізді. Сары Hammer болатын. Маған көбіне демеушілер береді. Кейде айтыс өткізетін жердің жалға алған ақшасын таба алмайтын кездер де болады.

Сондай бір жағдай болып, 600 мың мойныма ілінді. Содан "Көмек беріңіз" деп Храпуновтың алдына бардым. Ол қолма-қол алып берді. Осы бір жақсылығы ғой. Сөзге келмей айтысқа қол ұшын созған деді", - деді айтыс ұйымдастырушысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жүрсін Ерман арбаны тастап, таяқпен жүруге жарағанын айтып берген болатын.

Айта кетейік, бірнеше жыл бұрын айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат тараған болатын. Кейінірек Жүрсін Ерманның қызы әкесінің жағдайы туралы баяндаған болатын.

Ардақ Жүрсінқызының айтуынша, ақынның денсаулығы жансақтау бөліміне түспес бұрын сыр берген. Себебі, Жүрсін Ерман оң аяғының тізесіндегі көк тамырға протез салдырған. Алайда протезді ағзасы қабылдамай, оның айналасы іріңдей бастаған. Артынша сол ірің қанға түсіп, ақынның дене қызуы көтерілгеннен талмасы ұстаған. Ол есінен танғаннан кейін бір күн ішінде тыныс алу аппаратына таңылады.

Сонымен қатар ақын өзінің Еуропаға емделуге кететіні жайлы ақпаратты да растаған болатын. Кейінірек Жүрсін Ерман Женева қаласынан оқырмандарына сурет жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062923-dzip-mingizdi-zursin-erman-aitystan-qansa-gonorar-alatynyn-aitty/

pixel