Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен өлгеннен кейін де жалғаса береді": Жүрсін Ерман өзінің орнына айтысты енді кім басқаратынын айтты

Опубликовано:

Жүрсін Ерман
Жүрсін Ерман. Фото: instagram.com/kazyret_berdikhan

Айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның бірнеше жылдан бері денсаулығы сыр берген болатын. Ақын Жандарбек Бұлғақовтың бағдарламасында өзінің орнына айтысты енді кім басқаратынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Наурызда айтыс болады. Соған жүргізуші таппай қиналып отырмын. 2-3 ақын бар, кежегесі кейін тартып қалады. Ал басқасының ондай құдіреті де, қабілеті де жоқ. Өзі қиын шаруа да емес. Мен өлгеннен кейін де айтыс жалғаса береді ғой. Бірақ тура алып кетейін деп тұрған жастар жоқ. Студенттердің айтысын Шұғайып Сезімханға беріп қойдық.

Сондай 2-3 ақын шықса деймін. Нақты мынаған деп отырған адамым жоқ", - деді Жүрсін Ерман.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жүрсін Ерман арбаны тастап, таяқпен жүруге жарағанын айтып берген болатын.

Айта кетейік, бірнеше жыл бұрын айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат тараған болатын. Кейінірек Жүрсін Ерманның қызы әкесінің жағдайы туралы баяндаған болатын.

Ардақ Жүрсінқызының айтуынша, ақынның денсаулығы жансақтау бөліміне түспес бұрын сыр берген. Себебі, Жүрсін Ерман оң аяғының тізесіндегі көк тамырға протез салдырған. Алайда протезді ағзасы қабылдамай, оның айналасы іріңдей бастаған. Артынша сол ірің қанға түсіп, ақынның дене қызуы көтерілгеннен талмасы ұстаған. Ол есінен танғаннан кейін бір күн ішінде тыныс алу аппаратына таңылады.

Сонымен қатар ақын өзінің Еуропаға емделуге кететіні жайлы ақпаратты да растаған болатын. Кейінірек Жүрсін Ерман Женева қаласынан оқырмандарына сурет жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062998-men-olgennen-keiin-de-zalgasa-beredi-zursin-erman-ozinin-ornyna-aitysty-endi-kim-basqaratynyn-aitty/

pixel