Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкімге жақпайсың": Жахан Отарғалиев өміріндегі жаңа белес туралы айтты

Опубликовано:

Жахан Отарғалиев
Жахан Отарғалиев. Фото: Instagram/zhahan_utargaliyev

Актер Жахан Отарғалиев былтыр екінші рет ажырасқан болатын. Өнер иесі басынан өткен сынақтан кейін, өмірінде пайда болған жаңа белес туралы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен туралы кім, не демеді? Кей сөздерді естігенде, "Мен жоқ болып кетсем, қоятын шығар" деген ой келді. Бірақ бұл өмірде ешкімге жақпайсың. Біреу айтты деп өмір сүру мүмкін емес.

Жанашыр досым "Басыңды көтер! Мықты бол! Бірге болайық, белестерді бағындырайық" деді. Қысқасы, өмірімде жаңа белес пайда болды. Соған себеп болған жанашырларыма көп рахмет! Біз - адамбыз, әлсізбіз. Мықты болу, қайта тұру өзіңе байланысты. Сынақтың бізді шыңдау үшін келетініне көзім жетті. Егер маған осындай сынақ келсе, демек, мені жаңа белес күтіп тұр", - деп жазды Жахан Отарғалиев Instagram-дағы парақшасында.

Еске сала кетейік, былтыр қыркүйек айында Балжан Бидаш пен Жахан Отарғалиев ажырасып кеткенін мәлім етті.

"Сіздер шындықты білуге лайықтысыздар. Осы уақытқа дейін біз үшін алдаңдап жатқандарыңызға рахмет. Сондықтан "рас па, өтірік па" деген ақпаратты "Біз екі жаққа кеттік" деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін", - деп жазған болатын Балжан Бидаш.

Ал Жахан Отарғалиев Балжанды қатты жақсы көргенін және ажырасқаннан кейін күйзеліске түскенін айтты.

Сонымен қатар әнші бұрынғы күйеуі екеуінің бір-бірін әлеуметтік желіде бұғаттап тастағанын да жасырмады.

"Оның әлеуметтік желідегі жазбасын неге маған жіберіп жатырсыздар? Біз бір-бірімізді әлеуметтік желіде бұғаттадық. Бізге солай жеңіл әрі жақсы. Өтініш, оның айтқанын, жазғанын, әлеуметтік желіге салғанын маған жібермеңіздер", - деп жазған болатын Балжан Бидаш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063161-eskimge-zaqpaisyn-zaxan-otargaliev-omirinde-zana-beles-paida-bolganyn-aitty/

pixel