Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мейірім жоқ": көшеде қайыр сұраған Бағлан Әбдірайым көпшілікті қайран қалдырды (фото)

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов
Бағлан Әбдірайымов. Фото: insta

Әнші Бағлан Әбдірайымовтың көшеде қайыр сұраған суреті желіге тарады. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында жариялаған сурет көпшілікті қайран қалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өзгенің күйін түсіну үшін 5-ақ минут жеткілікті. Бәрі түсінеді, сезеді. Бірақ, мейірім жоқ", - деп жазды әнші.

Суреттен сақал-мұрты қауғадай өсіп, бетон үстінде қайыр сұрап отырған Әбдірайымовты көруге болады. Әнші алдына садақа тастайтын қорап қойып қойған.

Анықталғандай, бұл әншінің жақында жарыққа шығатын жаңа фильміне түсірілген кадр болып шықты.

Желі қолданушылары әншінің бұл күйіне әрі таңғалып, әрі қолдау білдіріп, жазбаға пікір қалдырған.

"Дұрыс, адамдарда мейірім жоқ", "Қарыздарыңнан құтылып кет, бауырым", "Халық болып, дұрыс дүниені қолдайық", "Сәттілік серік болсын", "Қазіргі қоғамның дертін көрсететін фильм болғалы тұр", - деп жазды желідегілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бағлан Әбдірайымовтың базарда арба тасыған видеосы желіге таралған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063400-meiirim-zoq-kosede-qaiyr-suragan-baglan-abdiraiym-kopsilikti-qairan-qaldyrdy-foto/

pixel