jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Жалдамалы пәтерге 2 млн теңге": танымал блогер NNN айына қанша қаражат жұмсайтынын айтты

    Нұрдәулет Бектұрсын
    Нұрдәулет Бектұрсын. Фото: instagram.com/nnnurdaylet

    Көпшілікке NNN лақап атымен танымал блогер Нұрдаулет Бектұрсын ай сайын 10 млн теңгеден аса қаражатты жұмсайтын болып шықты. Ол REVUE NEWS бағдарламасында жалдамалы пәтерінің өзі 2 млн теңге екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Блогердің жеке шотын тексерген бағдарлама тілшісінің мәліметінше, ол ай сайын жұмсайтын қаражат - 10 млн 918 мың 517 теңге. Тіпті Нұрдаулет Бектұрсынның несиесі де бар болып шықты.

    Ал блогер ай сайын қомақты қаражатты қайжа жұмсайтынын жасырмай айтып берді.

    "Негізі тапқанымнан көп ақша жаратамын. Жалдамалы пәтерімнің өзі - 2 млн теңге. Жұмысшыларға беремін. Өзімнің жарататыным бар. Табысымның 60 пайызы оқырмандарға сыйлыққа кетеді", - деді Нұрдаулет Бектұрсын.

    Еске сала кетейік, осыған дейін Құралай Анарбекова Нұрдаулеттің үйленгісі келгенін айтып қойған болатын.

    "....Ол бала үйленгісі келіп жүр. Әлеуметтік желілерден де көремін. Мүмкін қызы да бар шығар. Оған кедергі келтіргім келмейді. Жолын байлағым келмейді. Қызына халық менімен қосып жатқаны ұнамайтын да шығар", - деген еді актриса.

    "Жалдамалы пәтерге 2 млн теңге": танымал блогер NNN айына қанша қаражат жұмсайтынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.