Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сынып қалатын кездер болды": Мадина Сәдуақасова ешқашан біреудің ала жібін аттамағанын айтты

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Мадина Сәдуақасова. Видеодан кадр: "Жарқын жүздесу" бағдарламасы

Әнші Мадина Сәдуақасова әлі күнге жұмыс кестесінде бос орын жоқ екенін айтты. Өнер иесі ешқашан біреудің ала жібін аттамағанын, адал еңбекпен ақша табатынын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысының бірі әншіге "Өзіңізге деген сенімділіктің құпиясы неде? Сіздің харизмаңыз ұнайды", – деп жазған.

Ал Сәдуақасова өзіне деген сенімділіктің қалай пайда болғанын айтып берді.

"Сынып қалатын кездер өмірімде болды. Бірақ менде бір қағида бар. Өлмедің бе? 12 мүшең сау ма? Тұр да, алдыға қадам бас және сені қиындыққа шақыратын адамдарды өміріңнен жоқ қыл. Әжем бала күннен "Сен - ханшайымсың. Ең сұлусың, ең сүйкімдісің" деп миыма құйып тастаған.

Қанша конкурстан өттім. Сынақтан өттім. Әлі күнге кестемде бос күн жоқ. Ақшамды адал, таза еңбекпен табамын. Адам баласын сыйлап, құрметтеп үйренгенмін. Біреудің ала жібін аттап, еңбегін жеген емеспін. Жаманнан аулақпын. Ешқандай дұшпансыз өмір сүру күшті. Жанымда тек жақсылық тілейтін, мені сүйетін, жақсы көретін адамдар бар. Осыдан адамдар өзіне сенімді болады, мәз боп өмір сүреді", – деп жауап берді әнші Instagram-дағы парақшасында.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мадина Сәдуақасова жер сілкінісіне қарамастан, Алматыдан көшпейтінін айтқан болатын.

Айта кетейік, жақында Мадина Сәдуақасова Қызылордадан үй алғанын айтқан болатын.

Мадина Сәдуақасова
Мадина Сәдуақасова. Скриншот: instagram.com/sadvakasovamadina

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2071503-synyp-qalatyn-kezder-boldy-madina-saduaqasova-esqasan-bireudin-ala-zibin-attamaganyn-aitty/

pixel