Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылулық ақшамен өлшенбейді": әнші Жазира Байырбекова ерлер қауымына кеңес айтты

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Скриншот: "Жақсы адамдарым" бағдарламасы

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Жазира Байырбекова желіде әйеліне көп ақша жарататын ер азаматтарға қатысты пікір білдірді. Өнер иесі қыз-келіншектердің көңілі тек қана ақшамен көтеріледі дегенге келіспейтінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова Instagram парақшасында ерлер қауымына үндеу жасап, жылулық ақшамен өлшенбейтінін түсіндіруге тырысты.

Өнер иесі әйел затына тек қана бағалы сыйлық керек деген қате пікір екенін жеткізді. Сөзінше, қыз-келіншектер шын көңілмен берілген бір тал гүл мен жылы сөздерге де риза болады.

"Әйелге көп ақша жұмсасаң табысты боласың, жолың болады" деп айтып жүргендерді былай түсіндім. Әйел сыйлық жасағанда, жылы сөз айтқанда, қамқор болғанда көңілі қуанып, ер азаматына риза болып жүреді. Әйел ер адамның ризалығын алу керек дегенді көп естиміз. Ер адам да әйелдің ризалығын алу керек. Әйелдің көңілі ақшамен ғана көтеріледі дегенге келіспеймін. Бәрі жетіп тұрғаны әрине жақсы ғой.

Бірақ бір тал гүлді даладан үзіп әкеліп беріп (қалжыңсыз), шын көңілімен "отбасымызға жасап жүрген еңбегің үшін" деп жылы сөз айтса да риза боламыз. "Қымбат сыйлық жасау керек" деп бар тапқандарыңызды әйеліңізге жұмсап, ата-анаңызға, бала-шағаңызға жеткізе алмай отырмаңыздар жігіттер. Анаңызға да, әйеліңізге де сіздің ақшаңыздан бұрын жылы сөзіңіз керек. Жылулық, татулық ақшамен өлшенбейді. Мүмкін менің ойым қате шығар" , - деп жазды Байырбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2073912-zylulyq-aqsamen-olsenbeidi-ansi-zazira-baiyrbekova-erler-qauymyna-kenes-aitty/

pixel