Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әдемі көйлек киіп, боянғанның бәрі - әнші": Гауһар Әлімбекова жұлдыздардың бағасын халық беретінін айтты

Опубликовано:

Гауһар Әлімбекова
Гауһар Әлімбекова. Фото: instagram.com/gauhar_alimbekova_official

Әнші Гауһар Әлімбекова қазір әншілердің көбейгенін жеткізді. Өнер иесі "ХабарLike" бағдарламасында оларды халық бағалайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әдемі көйлек киіп, әдемі боянып шыққанның бәрі әнші боп жатыр. Бірақ оның бағасын халық береді. Кім нағыз әнші, кім сағыз әнші халық бағалайды", – деді Гауһар Әлімбекова.

Сонымен қатар әнші әнін сұрап келген адамдардан туындысын қызғанбайтынын айтты.

"Мен іші тар адам емеспін. Кім болса да, әнімді бере беремін. Ең бастысы, әнімді әдемі айтып тұрса болды. Әнімнің бәрін таратып алып, өзім әнсіз қалатын болдым", – деп күлді Гауһар Әлімбекова.

Еске сала кетейік, осыған дейін Гауһар Әлімбекова он жылдай концерт қоюына кедергі болған адам жайлы айтты.

Сонымен қатар өнер иесі танымал әніні Қайрат Нұртастың рұқсатсыз орындағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2074062-ademi-koilek-kiip-boyangannyn-bari-ansi-gauhar-alimbekova-zuldyzdardyn-bagasyn-xalyq-beretinin-aitty/

pixel