Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Су басады деп айтып едім": әнші Асхат Тарғын су тасқыны болған туған жерінің мәселесін көтерді (видео)

Опубликовано:

Асхат Тарғын
Асхат Тарғын. Видеодан кадр: Instagram/askhat_targyn

Әнші Асхат Тарғын су басқан туған өңірі Ақтөбе жайлы айтты. Өнер иесі биыл қардың әдеттегіден көп жауғанын қыста байқағанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ақтөбе қаласының ішінде су ағар арық жоқ. Қала сыртында су ұстайтын дамбы жоқ. Ауылдағы жағдай мүлдем нашар. Қанша үй, қанша мал-мүлік суға кетті. Кімді кінәлаймыз? Тағы да халықты ма? "Апат айтып келмейді" деп құтыла салады.

Бұл апат айтып келді. Өйткені, қыста барғанымда, қар жылдағыдан өте көп жауғанын көзіммен көрдім. "Мына қар ерісе, даланы, ауылды су басады" деп айтып едім. Еліміздің барлық аймақтарын су басып жатыр, өкінішті… Алдын ала шараларды жасау керек еді. Сөзім жоқ. Халқыма Алла жар болсын", – деп жазды Асхат Тарғын Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін Тұрсынбек Қабатов су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млн теңге аударған болатын.

Сонымен қатар Ерке Есмахан да отбасымен зардап шеккендерге көмек көрсеткенін айтты.

Еске сала кетейік, тілсіз табиғи апаттан зардап шеккендерге продюсер Гүлнұр Мамасарипова да көмек көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2078909-su-basady-dep-aityp-edim-ansi-asxat-targyn-su-tasqyny-bolgan-tugan-zerinin-maselesin-koterdi-video/

pixel