Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрек ауырады": актер Жанболат Найзабеков суға кеткен үйін көрсетті (фото, видео)

Опубликовано:

Жанболат Найзабеков
Жанболат Найзабеков. Видеодан кадр: "Қызық Live" бағдарламасы

Актер Жанболат Найзабеков қара шаңырағының суға кеткенін көрсетті. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасына видео жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Туып, өскен үйім. Балалық шағым өткен үй. Қара шаңырақ. Жүрек ауырады. Алла, сабыр бер", – деп жазды Жанболат Найзабеков.

Жанболат Найзабеков
Жанболат Найзабеков. Видеодан кадр: instagram.com/cocojanbo88

Видеодан актердің көрсеткен үйі мен көше бойында орналасқан барлық көршілерінің үйін су алғанын көруге болады.

Ал желі қолданушылары Найзабековке сабыр тілеп, желіде басу айтты.

"Сабыр берсін", "Үйінен айырылған жандарға хан сарайындай үй бұйырсын", "Әр қиындықтың артында бір жақсылық бар", – деп жазды желідегілер.

Актерге сабыр тілегендер арасында өнердегі әріптестері Тоқтар Серіков, Жазира Байырбекова, Бағлан Әбдірайым мен Серік Ибрагимов те бар.

Айта кетейік, осыған дейін Тұрсынбек Қабатов су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млн теңге аударған болатын.

Сонымен қатар Ерке Есмахан да отбасымен зардап шеккендерге көмек көрсеткенін айтты.

Еске сала кетейік, тілсіз табиғи апаттан зардап шеккендерге продюсер Гүлнұр Мамасарипова да көмек көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2081288-zurek-auyrady-akter-zanbolat-naizabekov-suga-ketken-uiin-korsetti-foto-video/

pixel