Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Апаттан абырой жинамайық": Әбдірайымов су тасқынын әзілге айналдырғандарға шүйлікті (фото)

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов
Бағлан Әбдірайымов. Фото: instagram.com/baglan_abdraimov_official

Әнші Бағлан Әбдірайымов су тасқыны кезінде халықтың қайғысын әзілге айналдырғандарға ашуланды. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында хайп қуғандарға жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әне-міне дегенше сауабы сансыз Рамазан айы да бітті. Бұл қасиетті айда елімізге сауап мен сынақ қатар келіп, еңсеміз езіліп тұр. Айтып келмейтін апат Батыс Қазақстанымызды басты. Солтүстік Қазақстанымызды шайып жатыр. Амал нешік, табиғи апат, Алланың қалауы дейміз… Бұл күн де өтер, бір қиындықтан кейін екі жеңілдік бар екені анық. Күн жылып, су сіңіп, апатты аймақтардағы қираған үйлер қайтадан қалпына келтірілер.

Осы тұста хайп қуып, қасірет үстіне неше түрлі әзіл сөздерді қосып, теріс видео таратып жатқан жандарға, "Апаттан абырой жинамай-ақ қояйық", дегім келеді. Одан қаралымың артып, оқырманың көбеймейді. Бәрі біткесін әлеуметтік шығынға ұшыраған халықтың талабын мемлекеттен сауатты түрде талап етіп, қайта өндіріп алатын боламыз. Ат салысайық. Сондықтан болатын іске көшейік. 10 тонна азық-түлік жинап, батысымызға жөнелтіп жатқан Малик Хасенов секілді қаншама танымал тұлғалар сбор ешіп, етігімен су кешіп, ел арасында жүр. Сондай ерлікті айтайық. Он тонна азық түлікті тік ұшақпен жедел жеткізуге атсалысқан мемлекеттік органдардың ісін айтайық. "Қуанышты бөліссең көбейеді. Қайғыны бөліссең азаяды" деген емес пе?! Қуанышты күніміз алда, сабыр етейік. Еліміздің еңсесі түспесін. Бұлт артынан күн шығады", – деп жазды Әбдірайымов.

Айта кетейік, осыған дейін Тұрсынбек Қабатов су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млн теңге аударған болатын.

Сонымен қатар Ерке Есмахан да отбасымен зардап шеккендерге көмек көрсеткенін айтты.

Еске сала кетейік, тілсіз табиғи апаттан зардап шеккендерге продюсер Гүлнұр Мамасарипова да көмек көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2081297-apattan-abyroi-zinamaiyq-abdiraiymov-su-tasqynyn-azilge-ainaldyrgandarga-suilikti-foto/

pixel