Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүректі ауыртты": Жұлдызай Дүйсенбиева елдегі соңғы жағдайлардан кейін денсаулығы сыр бергенін айтты (фото)

Опубликовано:

Жұлдызай Дүйсенбиева "Ниет" бағдарламасында
Жұлдызай Дүйсенбиева. Фото: instagram/zhuldizay_duisenbieva

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева су тасқынынан зардап шеккендерге шамасы келгенше көмектескенін айтты. Өнер иесі елдегі соңғы жаңалықтар жүрегін ауыртқанын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актриса ем қабылдап жатқан сәттің суретін Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Сонымен қатар соңғы уақытта елімізде болып жатқан жағдайлар жүрегіне салмақ түсіргенін айтты.

"Соңғы жаңалықтар жүректі ауыртты. Алладан медет сұрап, дұға етуден басқа шарамыз жоқ. Алла, еліме, жеріме, халқыма жар бола көр!

Отбасымыздың атынан шамамыз келгенше, қаржылай көмек бердік", - деп жазды Жұлдызай Дүйсенбиева.

Жұлдызай Дүйсенбиева
Жұлдызай Дүйсенбиева. Скриншот: instagram.com/zhuldizay_duisenbieva

Айта кетейік, осыған дейін Тұрсынбек Қабатов су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млн теңге аударған болатын.

Сонымен қатар Ерке Есмахан да отбасымен зардап шеккендерге көмек көрсеткенін айтты.

Еске сала кетейік, тілсіз табиғи апаттан зардап шеккендерге продюсер Гүлнұр Мамасарипова да көмек көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2081657-zurekti-auyrtty-zuldyzai-duisenbieva-songy-zagdailardan-keiin-densaulygy-syr-bergenin-aitty-foto/

pixel