Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түкіріп қойыңыздар": Өмірқұл Айниязов кенже ұлын көпшілікке көрсетті (фото)

Опубликовано:

Өмірқұл Айниязов пен жұбайы
Өмірқұл Айниязов пен жұбайы. Фото: instagram.com/farida_ainiyazova

Әнші Өмірқұл Айниязовтың бірнеше ай бұрын үшінші перзенті өмірге келген болатын. Өнер иесі көпшілікке жаңа туған ұлын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін біздің үйдің ханымының туған күні. Осы орайда Айсұлтан батырмен де таныса отырыңыздар. Түкіріп қойыңыздар", - деп жазды Айниязов Instagram-дағы парақшасында.

Желі қолданушылары әншінің үшінші ұлына жылы лебізін жарыса жазды.

"Тіл-көзден сақтасын", "Айсұлтанның өмір жолы ашық болсын", "Өзіңіз секілді елі үшін туған азамат болсын", "Әйелді ханым деп ардақтаған азаматтан айналдым. Айсұлтан баламызға Алла өмір берсін", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Өмірқұл Айниязовтың үшінші перзенті 2024 жылдың алғашқы күнінде дүниеге келді.

Кейінірек Өмірқұл Айниязов әйелі мен сәбиін перзентханадан қалай шығарып алғанын көрсетті. Әнші отбасылық қуанышынан видео жариялап, ел назарына ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2082821-tukirip-qoiynyzdar-omirqul-ainiyazov-kenze-ulyn-kopsilikke-korsetti-foto/

pixel