Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алла жазасын береді": Фариза Төреәлі өз атын пайдаланатын алаяқтардың барын ескертті (фото)

Опубликовано:

Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев
Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев. Фото: Instagram/farizatoreali

Төреғали Төреәлінің үлкен қарындасы әлеуметтік желіде өз атын пайдаланатын алаяқтар барын айтты. Бұл жайлы Фариза Төреәлі Instagram-дағы парақшасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бұл - алаяқтар. Менің атымды жамылып, ақша тауып жүр. Ар, ұят, намыс дегеннен безген адамдардың ісі. Алдап тапқан ақшаның не берекесін күтеді? Бұл нәрсе ауыр болып қайтады. Алла жазасын береді.

Алданып, ақша жібермеңіздер. Мен курста ғана сыйлықтар жасаймын. Өзімнің ресми парақшамнан жазамын. Видеомен хабарласып, жеңімпаздан бір тиын алмаймын", - деп жазды Фариза Төреәлі.

Фариза Төреәлі сторис
Фариза Төреәлі сторис. Скриншот: instagram.com/farizatoreali

Айта кетейік, алаяқтардан алданып жүрген тек Фариза Төреәлі емес. Осыған дейін халық әртісі Мақпал Жүнісова мен актер Асан Мажит алаяқтардан алданғанын мәлім еткен болатын.ё

Сонымен қатар Балжан Бидаш пен актриса Жәния Джуринская да алаяқтардан алданған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2083673-alla-zazasyn-beredi-fariza-toreali-oz-atyn-paidalanatyn-alayaqtardyn-baryn-eskertti-foto/

pixel